30 желтоқсан 2016 09:18

Көкшетауда әріптесінің қолынан өлген полицейдің туыстары жаңа деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда әріптесінің қолынан өлген полицей Дархан Еламанов  жер қойнына берілді. Ал қайғыдан қан жұтқан ағайын-туыс тергеушілердің дәйегіне мүлдем сенбей отыр. Бұған дейін қанды қылмысқа екеуара келіспеушілік себеп болғаны айтылған. Себебі лейтенанттың қолында маңызды тергеу құжаттары болған екен. Соның көзін құрту үшін істелген әрекет дейді Еламановтың жақындары. Бұл туралы КТК хабарлады.


Көкшетауда әріптесінің қолынан өлген полицей Дархан Еламанов  жер қойнына берілді. Ал қайғыдан қан жұтқан ағайын-туыс тергеушілердің дәйегіне мүлдем сенбей отыр. Бұған дейін қанды қылмысқа екеуара келіспеушілік себеп болғаны айтылған. Себебі лейтенанттың қолында маңызды тергеу құжаттары болған екен. Соның көзін құрту үшін істелген әрекет дейді Еламановтың жақындары. Бұл туралы КТК хабарлады.

27 жасында өмірі қиылған Дархан Еламанов шаңырақтың кенжесі, үкілеген үміті, досқа адал, жұмыста ұқыпты болатын дейді жақындары. Аға лейтенанттың еңбекқорлығын бағалаған Көкшетау қаласының Ішкі істер басқармасы жақында оның қызметін өсіруді ойластырып жүрген екен.


Қазаға жиналған халық. © КТК кадрлары

"Інім ашық-жарқын күліп жүретін адам еді. Органда істеймін деп бала кезден армандаған.  Әкеміз органда істеп денсаулығына байланысты шығып қалған. Сол әкем  жетпеген тауға мен жетемін, полковник боламын деп армандаушы еді", - дейді Нұрбек Еламанов, марқұмның ағасы.

Бірақ, сол мақсатына жетемін деп талпынған жігіт желтоқсанның 25-і күні кезекшіліктен шыққан соң, ізім қайым жоғалып кеткен еді. Кейін бір гәптің барын сезіп, Дарханды жабылып іздеген жақындары екі күннен кейін өлі денесін қала шетіндегі Кенесары ауылының маңынан тапқан. Күдіктіні ұстау үшін полицейлер марқұмның ұялы телефонын тексеріп, соңғы рет кімдермен сөйлескенін анықтапты. Сөйтіп, Еламановты өзінің әріптесі, 32 жастағы майор Жәнібек Баймұрзин басынан атып өлтіріп, қарға көміп кеткені белгілі болып отыр.

"Оны үйінен ұстаған. Қысымға алған соң айта бастаған. Тергеу кезінде одан Дарханның неке жүзігін, қызметтік тапаншасын, құжаттарын тапқан. Кейін мәйіттің қайда екенін айтып беріпті", - дейді ағасы.

Осыдан кейін телеарна тілшілері Дархан Еламановтың мәйіті табылған жерді көрсетеді. Күдікті қылмысын жасыру үшін Көкшетаудан 40 шақырым жерге алып келіп көмген екен. Марқұмның жақындары мәйіт табылған жерде бір емес бірнеше аяқ іздерінің  болғанын айтады. Соған қарағанда Жәнібек Баймұрзин жалғыз болмаған сыңайлы.

Қазір майор қамауға алынып, бірнеше сараптама тағайындалған. Әзірше, қылмыс екеуара келіспеушіліктен болған деген болжамдар айтылып отыр.

Бірақ, марқұм аға лейтенанттың жақындары бұған сенбейді. Қылмыс болған жерден Дархан Еламанов жүргізген маңызды тергеу құжаттары өртелген дейді олар. Сондықтан істің ақ-қарасын анықтап, кінәлі қатаң жазалансын деп отыр. Ал, 3 ай бұрын ғана шаңырақ көтерген 27 жастағы марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалды (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети