20 желтоқсан 2016 12:23

Көкшетауда жігітінің ақшасын ұрлап алған қыз ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Вятка.ru © Вятка.ru

Көкшетауда сүйіктісінің ақшасын ұрлап алған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетауда сүйіктісінің ақшасын ұрлап алған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қарашада 32 жастағы жігіт қалалық ішкі істер басқармасына 180 мың теңгесінің ұрланғаны жайлы арыз жазған. Ол үйіне біреулердің кіріп, ақшаны алып кеткенін мәлімдеген.

Кейін полиция қызметкерлері мекен-жайға барып, пәтерді қарап шыққан. Криминалистер есік құлпының бұзылмағанын анықтап, осыдан жәбірленушінің туған туыстарын тексеріп, көршілерінен жауап ала бастайды. Кейін аулалардағы және үйдің кіреберісіндегі видеобақылау камераларындағы жазбалар тексерілген. 

Жедел уәкілдер ақшаны жәбірленушінің 29 жастағы сүйіктісі ұрлағанын анықтаған. Сөйтсек, оның да пәтер кілті болыпты. Күдікті ақшаны ұрлағанын мойындап, қарыз өтеу үшін алғанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети