19 наурыз 2015 13:41

Көкшетауда мұғалімді ұрған студент 5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқытушы Саят Қапаров пен студент Артем Валерин. ©Тengrinews.kz Оқытушы Саят Қапаров пен студент Артем Валерин. ©Тengrinews.kz

Көкшетауда мұғалімді ұрып-соққан студент 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға 2014 жылдың қараша айында болған еді. 17 жастағы студент Артем Валерин физика пәнінің 24 жастағы оқытушысы Саят Қапаровты ұрып құлатқан.


Көкшетауда мұғалімді ұрып-соққан студент 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға 2014 жылдың қараша айында болған еді. 17 жастағы студент Артем Валерин физика пәнінің 24 жастағы оқытушысы Саят Қапаровты ұрып құлатқан.

"Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Артем Валерин "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабында қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылды. Сот үкімімен оған жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленді", - деп хабарлады облыстық сот өкілдері. Бұған қоса, сот студентті жәбірленушінің емделуіне қажет шығынды және 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуге міндеттеді. Қорғау тарапы үкімге шағым келтіргелі отыр. 

Еске салайық, студент пен оқытушы арасындағы жанжал Көкшетаудағы Жоғары техникалық мектебінде үзіліс кезінде болған еді. Студенттер дәлізге шулап шыға келгенде олардың біріне Қапаров ескерту жасаған. Куәгерлердің айтуынша, Валерин алдымен оқытушыны баспалдақтан түсіріп, басын қабырғаға ұрған, сол кезде жәбірленуші есінен танып қалады. Басқа оқушылар бұл кезде сырттан үнсіз бақылап тұрған. Соққыға жығылған оқытушы ауруханаға түсті. Дәрігерлер зардап шегушінің жабық бассүйек-ми жарақатын алғанын, еңбек сүйегі сынғанын және бірнеше тісінің түсіп қалғанын анықтады. 

Айта кету керек, бұл туралы ақпарат алғаш тарағаннан кейін өздерін оқиға куәгерлері деп таныстырған бір топ оқырман жария етілген нұсқаны жоққа шығарды. Олар редакциямызға Жоғары техникалық мектептің сыртқы бақылау камерасына түсірілген бейнежазбаны жолдады. Роликтен Саят Қапаров болуы мүмкін адамның кабинетке кіргенін, 20 секундтан соң шығып, лезде қайта кіргенін және сол бойда соққы алып, еденге құлағанын көруге болады. Оған оқу орны қызметкерлері мен оқушылар бірден көмекке ұмтылады. Бәрі зардап шегушіні аудиторияға кіргізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети