28 тамыз 2018 09:35

Көлік иесін өлтіріп кеткен теміртаулық экс-полицей 19 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©КТК ©КТК

Қарағандыда автокөлік жүргізушісін табельдік қарудан атқан бұрынғы жол полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Қарағандыда автокөлік жүргізушісін табельдік қарудан атқан бұрынғы жол полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Қылмыскер Қалдыбаев ҚР ҚК-нің 99 ("Адам өлтiру"), 188 ("Ұрлық"), 287-баптары ("Суық қаруды заңсыз алып жүру") бойынша айыпты деп танылды. Сот шешімі бойынша қылмыскерге 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова. 

Телеарна тілшілерінің айтуынша, Теміртаудың 22 жастағы полиция сержанты өз кінәсін мойындады. Алайда ол қылмыс жасаған кезде ақыл-есі кем болғанын айтып, сот шешіміне шағым түсірген.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 30 сәуірде болған. Полицей автокөлік иесімен көлік сатып алу үшін кездескен екен. Кіші сержант өлтірген ер адам 38 жаста, екі баланың әкесі екені анықталды. Зардап шегушіні сержант табельдік қарудан атқан. Ер адамның өлі денесін қылмыскер жақын маңдағы ауылға тастап, ал автокөлікті сатып жіберуді жоспарлаған. 

Қылмыскер 2 мамырда ұсталды. Оның айтуынша, ақша той жасау үшін қажет болған. Сонымен қатар, Қалдыбаевтың заңгері сотталушының психикалық жағдайына байланысты үкімді қайта қарауды сұраған. Алдын ала жасаған сот сараптамасы қылмыскердің қандай да бір ауытқуы жоқ екенін мәлімдеген. Сондықтан сот шығарылған үкімді қайта қараудан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети