15 тамыз 2017 15:14

Көлік полицейлері ОҚО-ның 3 тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көлік полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көлік полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Луговой станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында "Құрағаты-Тәтті" өткелінде Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны ұсталды.

Жеке тексеру барысында олардан жалпы салмағы 23 келіден аса марихуана есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") тіркелді.

Күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ІІД бөліністерімен заңсыз есірткі айналымына қатысты 287 құқық бұзушылық анықталды, олардың бесеуі есірткі заттарын заңсыз өткізуге, 38-і заңсыз сақтауға, 8-і есірткі заттарының контрабандасына қатысты. Еліміздің көлік сақшыларымен заңсыз айналымнан 153 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети