15 қыркүйек 2015 14:41

Колония қызметкері кеденнің экс-басшысы Баймағамбетовты азаптағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Баймағамбетов. © Ярослав Радловский Серік Баймағамбетов. © Ярослав Радловский

АК-159/6 түзету колониясының жедел уәкілі Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы әрі ІІМ бұрынғы министрі Серік Баймағамбетовты азаптау туралы іс бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Сергей Ким айтып берді.


АК-159/6 түзету колониясының жедел уәкілі Кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы әрі ІІМ бұрынғы министрі Серік Баймағамбетовты азаптау туралы іс бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Сергей Ким айтып берді.

Шахтинск соты колония қызметкері Руслан Поповьяновты "Алдын ала келісім жасау арқылы бір топ адамның азаптауы" бабы бойынша айыпты деп танылды. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Баймағамбетовтың адвокатының айтуынша, шағымданушы тарап жедел уәкілді үш жылға қамауды сұраған. Кепіл арқылы босатылған Попьяновқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріп, ол сот залында қамауға алынды. 

Осыған дейін бұл істе жәбірленуші тарап болып отырған Серік Баймағамбетовтың адвокаты Сергей Ким Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оны колония қызметкерлерінің жалаңаш күйде еден жуғызғысы келгенін, алайда оның бұған қарсы болғанын айтып берген еді. "Оның денсаулығының нашар екеніне қарамастан, қолының жарақатына қарамастан, оны бір адамдық айып камерасына қамап, бір тәулікке жақын уақыт бойы жылы киімсіз суық бөлмеде ұстаған", - деді адвокат.

Еске сала кетейік, Серік Баймағамбетов 2013 жылдың қаңтар айында 80 мың доллар көлемінде пара алу және қызметтік өкілін теріс пайдалану бойынша айыпты деп танылған болатын. Сот жоғары лауазымды шенеунікті 10 жылға бас бостандығынан айырып, Қарағанды облысындағы колонияға жіберген еді. 2014 жылдың жазында Баймағамбетовтә біреулердің ұрып-соққаны жайлы мәлімет таралды. Ал 2015 жылдың ақпанында Баймағамбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети