13 қыркүйек 2018 14:30

Қордайда ауылдың үрейін қашырғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордайда ауыл тұрғындарының үрейін қашырған бұзақылар ұсталды. Жамбыл облыстық ІІД өкілдері Қордай ауылында ұсталған қаскөйлер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қордайда ауыл тұрғындарының үрейін қашырған бұзақылар ұсталды. Жамбыл облыстық ІІД өкілдері Қордай ауылында ұсталған қаскөйлер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Көп жұмыс атқарылды, соның нәтижесінде үш азамат ұсталды. Екеуі - Қордай ауданының тұрғыны, ал біреуі Алматы тұрғыны. Олардың Алматыда отбасы мен жұмысы бар. Ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындап, тергеу шараларына қолғабыс етіп жатыр. Қылмыс жасау барысында алған заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу барысында олардың басқа да қылмыстарға бар-жоғын анықтаймыз", - деді облыстық ІІД басшысы Арман Оразалиев. 

Полициядағылар қылмыс істеді деп күдікке ілінген Қордайдың екі тұрғыны Жамбыл облысында тұрмайтынын, алайда ауылдағы туыстарына келіп тұратынын айтты.

"Олар ұрлаған заттарының барлығын молада жасырып отырған. Ол жерден ұрланған заттың жартысы табылды. Қазіргі уақытта, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қарақшылық"). Сондай-ақ, күдіктілердің біреуіне ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса") бойынша айып тағылған. 

Айта кетейік, Жамбыл облыстық ІІД өкілдері осыған дейін, шілденің 20-29 аралығында Қордай ауданының Қордай ауылында бірнеше қарақшылық шабуыл болғанын айтады. Полицейлердің мәліметінше, қылмыскерлер бетперде киген адамдар жергілік тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, дене жарақатын салып, ақша мен бағалы заттарды беруін талап еткен. Зардап шеккен бір ер адам ауруханада қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети