15 қыркүйек 2017 19:10

"Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамадандырылған сотында "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамадандырылған сотында "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 жастағы облыс тұрғыны Диас Кәрібжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Кәрібжанов марқұмның туыстарына 2 591 200 теңге материалдық шығын мен 2 миллион теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді.  

Диастың анасы мен туыстары үкімге жоғары инстанцияда шағым түсіруге ниетті екенін айтып отыр. 

"Ол қорғанды, ар-намысын қорғады. Әділдікті талап етеміз. Пышақ салмас бұрын Қуаныш оны ұрып-соққан, бұл неге есепке алынбады, ұлымды осы қадамға баруға итермелегені неге есепке алынбайды. Сот оның аффект жағдайында болғанын есепке алмады", - деді Диастың әпкесі Раушан Кәрібжанова.

Марқұм Қуаныш Төлегеновтың туыстары болса мерзімге көңілі толмай отыр. Олар бұл жазаны өте жеңіл дейді.

4 қыркүйекте "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот басталған болатын. Сот алдына Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны Диас Кәрібжанов келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") айыпталған еді.

Еске салайық, биыл 4 маусымда Интернетте осы оқиғаның видеосы таралған еді. Қылмыс "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған. Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети