Ақтөбе облысының полицейлері фармацевтикалық компания қызметкерін WhatsApp-та аудио арқылы коронавирустың таралуы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 қаңтарда полиция қызметкерлері WhatsApp мессенжері арқылы жалған ақпарат тарап жатқанын анықтады.
"Дыбыстық хабарды таратқан әйелдің кім екені анықталды. Ол 37 жастағы фармацевтикалық компанияның жұмысшысы болып шықты. Тергеу барысында әйел жалған ақпарат таратқанын мойындады және жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтты. Полиция департаменті ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің "БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады департамент өкілі.
Полиция қызметкерлері жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Құқық бұзушыға 3 мың АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынады (2020 жылы 8 миллион теңгеге жуық) не сол мөлшерде түзету жұмыстарына я болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеледі, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.
30 қаңтарда Алматы облысында да "Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 70 науқас" туралы видео хабар таратқаны үшін дәрігер ұсталған болатын. Кейін ол қазақстандықтардың алдында кешірім сұрады.