16 тамыз 2018 09:25

Көршілері Александр Кузнецовты соңғы рет қашан көргенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Чукотка" барындағы төбелес ісі бойынша соталған Александр Кузнецовқа колониядан босату туралы сот шешімінің күші жойылғандықтан іздеу жарияланғаны анықталды.


"Чукотка" барындағы төбелес ісі бойынша соталған Александр Кузнецовқа колониядан босату туралы сот шешімінің күші жойылғандықтан іздеу жарияланғаны анықталды.

Tengrinews.kz тілшісі ер адамның көршілерімен әңгімелесіп көрді. Олардың айтуынша, Александр зейнеткер шешесімен тұрады, оның үш иті бар.

"Александрды 10 жасынан білемін. Әдепті, салмақты жігіт. Ешқашан жанжалдаспадық, әрдайым амандасып тұрады. Ішпейді, шекпейді. Спортпен шұғылданатын. Қоғамда белсенді болды, жарыстарға барған. Чемпион болуға қабілеті бар еді. Қалыпты өмір салтын ұстанатын. Иттерін серуендетіп жүретін - үйінде үш иті бар. Үйленбеген, қызы болған еді. Шешесі зейнеткер. Жазасы айыппұлға ауыстырылған еді - бұрын көлігі бар еді, соны төлеу үшін сатып жіберген болуы керек", - деді Вячеслав есімді көршісі.


Кузнецовтың пәтері. © Tengrinews.kz

Босатылған күні Кузнецовты тағы бір көршісі көріпті. Алайда Кузнецовтың елден кетіп қалғанын ешкім білмеген.

Пәтерінде ешкім есік ашпады, иттердің даусы естіледі. 

Ал өз кезегінде судья Кузнецовтың елден кетіп қалғанын БАҚ-тан білгенін айтып отыр.

Алматыдағы "Чукотка" барында болған атышулы оқиға 2015 жылдың 6 наурызында болған еді. Төбелестен Сырым Мұратқалиев қаза тапқан. Бірінші инстанцияның соты Кузнецовты 1 жыл 6 айға "Абайсызда қазаға ұшырату" бабымен соттаған еді.

2016 жылдың 28 қаңтарында Александр Кузнецов "Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша айыпты деп танылып, жалпы тәртіптегі колонияға 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ал 2018 жылдың 2 шілдесінде Александр бостандыққа шықты - оның өтелмеген жазасы 1 097 281 теңге сомасындағы айыппұлға ауыстырылған.

2018 жылдың 14 тамызында Алматы облыстық соты Александр Кузнецовтың өтелмеген жазасын айыппұлға ауыстыру түріндегі қаулының күшін жойды. Енді Кузнецов колонияға қайта оралып, жазасын өтеуі керек еді.

Мұның алдында Қапшағай қалалық сотының Кузнецовтың өтелмеген жазасын айыппұлға ауыстыру туралы сот шешіміне марқұмның бауыры Дәулет Мұратқалиевтің шағым түсіргені анықталған. 

15 тамызда Алматы облыстық прокуратурасы Александр Кузнецовқа іздеу жариялауды жоспарлағаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети