Қорық басшысынан бес миллион теңге пара алмақ болған экс-прокурор сотталды

10 Желтоқсан 2019, 11:16
0
Қорық басшысынан бес миллион теңге пара алмақ болған экс-прокурор сотталды -

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының бұрынғы прокуроры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының прокуроры Д.О. Омарға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Осы деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтады.

"Д.О. Омар Қорғалжын қорығының басшысы А.А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге мөлшерінде ақша резервінің кассасында заңсыз болу фактісін қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деген күдікке ілінді. Биыл 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай