11 сәуір 2016 11:39

Қостанай қаласының бұрынғы басшылары ұзақ жылдарға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдың бұрынғы әкімі © ng.kz Қостанайдың бұрынғы әкімі © ng.kz

Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжанов мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан, мұнда "үлкен әкімдік ісі" деп аталып кеткен процесс жүріп жатыр.


Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжанов мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан, мұнда "үлкен әкімдік ісі" деп аталып кеткен процесс жүріп жатыр.

Сонымен қатар, ол өмір бойына әкімшілік қызметтері бар мемлекеттік қызметтерге тағайындала алмайтын болды. Ахметжанов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.


© Tengrinews.kz

Қаланың экс-әкімі үй қамауында ұзақ уақыт болғандықтан оған кісен сот залынды салынды. 

Ал қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев "Парақорлыққа делдал болу" және "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" баптары бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да өмір бойына меморгандарда басқарушы қызметтерді атқара алмайтын болды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

"Үлкен әкімдік ісінің" басқа фигуранттары кәсіпкерлер Леонид Васильев, Сергей Біктібаев және Гагик Овнанян да айыпты деп танылды. Васильев 14 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Біктібаев 11 жылға сотталды. Овнанянды сот 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети