10 шілде 2015 09:47

Қостанай облысында ер адамды өлтіруге тапсырыс берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kievvlast.com.ua © kievvlast.com.ua

Қостанай облысында ер адамды өлтіруге тапсырыс берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында ер адамды өлтіруге тапсырыс берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қалалық полициясына 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, таныстары арқылы өзін өлтіруге тапсырыстың берілгенін айтқан. Шұғыл түрде құрылған жедел-тергеу тобы тапсырысты әйел адамның бергенін анықтады.

"Ер адамның бұрын бірге тұрған танысы оны өзіне қайтармақшы болған. Екеуі ажырасқаннан кейін әйел ішімдікке салынып, екеуінің ортақ ұлына қарауды қойған. Осыдан кейін ұлын сот арқылы тартып алуға бел шешкен ер адамды күдікті тапсырыспен өлтірмекші болыпты", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ІІД мамандары арнайы операция жүргізіп, зардап шегушінің өлімін сахналады, сөйтіп қолға түскен күдікті әйел қазір қамауда отыр. Тергеу жұмыстары басталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бурабайда әйелдің өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. 7 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауданындағы үйлердің бірінен ұрыс шығып, нәтижесінде 55 жастағы ер адам қаза тапты. Оған өзімен бірге тұратын 48 жастағы әйелдің пышақ салғаны анықталды. Ол қылмысының ізін жабу үшін өртеп жібермек болған.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети