26 желтоқсан 2016 18:42

Қостанай облысында үш адамды балталап өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Пенза-пресс © Пенза-пресс

Қостанай облысында үш адамды балталап өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында үш адамды балталап өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, оқиға биыл шілде айында болған. 39 жастағы Алексей Супрядкин жұмыс беруші азаматтың қоластына моншаға арналған қайың сыпыртқысын жасаушы болып жұмысқа тұрған. Сосын ол Сарыкөл ауданындағы Соналы ауылында үй жалдаған. Шілде айында екеуара жанжалдасып қалған. Оны бастығы бірнеше рет ұрғаннан кейін, ол өш алудың жолдарын ойластыра бастайды.  

30 шілдеде сотталушы тағы бір танысы Александр Коноваловпен ішімдік ішіп, бастығы мен оның екі серіктесі істелген жұмыс үшін жалақы бермей қояды деген ойға келіп, кісі өлтіруге оқталады.

"Сотталушылардың бірі моншаға арналған қайың сыпыртқысын жасайтын балтасын әкеледі. Үш жәбірленуші сотталушының үйінде ұйықтап жатқан. Осы кезде сотталушы еденде ұйықтап жатқан азаматқа келіп, басынан төрт рет соққы жасаған. Кейін ұйықтап жатқан екінші азаматқа үш рет соққы жасайды, үшіншісі екі рет ұрады. Кейін қаскөйдің досы бір адамның өлмей қалғанын айтып, негізгі сотталушы жәбірленушіні тағы да екі рет ұрады. Үш жәбірленуші де алған жарақаттарынан кейін оқиға орнында қаза тапқан", - делінген соттың хабарламасында. 

Осыдан кейін, соттың мәліметінше, екі қылмыскер қаза болған үшеудің денелерін адам көп жүрмейтін жерге апарып тастаған. Кейін екеуі Рудный қаласында ұсталған. 

"Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 39 жастағы Алексей Супрядкин мен 37 жастағы Александр Коноваловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,7-бөліктері және 200-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық істің үкімін шығарды. Соттың үкімімен екеуі де осы қылмысты жасады деп танылды. А.Супрядкин өмір бойынша бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді", - делінген соттың хабарламасында.

Ал Коновалов 20 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді.

Сот әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети