11 сәуір 2017 14:54

Қостанай облысының тұрғыны екі қызды зорлады деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© canal3.md © canal3.md

Қостанай облысының тұрғыны екі қызды зорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды alau.kz.


Қостанай облысының тұрғыны екі қызды зорлады деп айыпталды, - деп хабарлайды alau.kz.

Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіповтің айтуынша, 2017 жылы 15 қаңтарда Сарыкөл аудандық ІІБ-на әйел адам келіп, өзінің 2005 жылғы қызын 38 жастағы ер адамның зорлап кеткенін айтқан. 

Прокуратура басқарма басшысының айтуынша, ер адам бұл қылмысқа бірнеше рет барған. Сол күні ол қамауға алынған. Айыпталушы - жұмыссыз, үйленген, бұрын кәмелет жасына толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар, тергеу барысында 2008 жылғы өгей қызын зорлағаны анықталған. 

Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша, прокуратура өкілінің мәліметінше, айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің "Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер", "Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер" және "Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" баптары бойынша күдікке ілінген. Қылмыстық іс бойынша, процессуалдық прокурор - әйел адам тағайындалды. 

Қылмыстық іс материалдары Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети