Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қостанай тұрғыны қайырымдылық ақшасына арақ алып ішпек болды

18 Ақпан 2015, 17:05
0
Ұрыдан тәркіленген қаржыны полицейлер қоғамдық ұйымның есепшісіне тапсырды. ©Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі
Ұрыдан тәркіленген қаржыны полицейлер қоғамдық ұйымның есепшісіне тапсырды. ©Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қостанайдың ішімдік ішкісі келген тұрғыны қайырымдылық үшін жиналған ақшасы бар жәшікті ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 ақпан күні сағат 20.10-да қаланың 9-ықшамауданындағы №15 дүкенде болған. 38 жастағы азамат Қазақстанның Қызыл жарты ай ұйымына тиесілі қаржыны қолды қылды. Айта кетейік, қоғамдық ұйым қайырымдылық акциясын жүргізіп жатыр, жиналған қаржы тұрмысы төмен азаматтарға беріледі.

"Оқиғаның басы-қасында болғандар полицияға бірден хабар берді. Жол-патруль полициясының жаяу патруль батальоны жеті минуттың ішінде дүкеннің маңынан күдікті ер адамды ұстады. Ол ұрланған заттармен тығылып қалмақшы болды. Ұсталған азамат - Қостанай қаласының тұрғыны, бұрын істі болмаған, ол мұндай әрекетке ішімдік ішкісі келгендіктен барғанын айтты", - делінген хабарламада. Ұрыдан тәркіленген қаржы қоғамдық ұйымның есепшісіне тапсырылды.

Айта кетейік, бұл дерек бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы - "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бап санкциясы бойынша, күдіктіге айыппұл салынуы немесе үш жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылуы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай