02 шілде 2015 15:45

Қостанайда бұрынғы сот-медицина сарапшысына 2 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sud-i-pravo.ru © Sud-i-pravo.ru

Бұрынғы сот-медицина сарапшысы Сайлав Қарабаевқа екі миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол "Ірі көлемде заңсыз сыйақы алу" бабы бойынша қылмыстық іске барған.

Қаулыны Қостанай № 2 соты шығарды. Бұрынғы сот-медицина сарапшысы Қарабаев сараптама қорытындысын оңтайлы етіп өзгерту үшін алаяқтық жолмен 100 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Оның бұл іске Қостанай облысы Сот сараптамасы институтының бас маманы қызметінде жүрген кезде барғаны анықталды. "Сотталушыға мүлкін тәркілеусіз және сараптама қызметін алдағы екі жылда атқаруға тыйым сала отырып 1000 АЕК, яғни 1982000 көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілді", - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Қарабаев айыппұлды төлемеген жағдайда Қылмыстық Кодекске сай бас бостандығынан айырылады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети