09 шілде 2015 11:28

Қостанайда екі полицей азаптау ісі бойынша айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қостанайда екі полицей азаптау ісі бойынша айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанайда екі полицей азаптау ісі бойынша айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қостанай сотына Қостанай олысы ІІД ІІБ Оңтүстік бөлімінің 1989 және 1990 жылдары туылған аға лейтенанттарына қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Олар жәбірленушілерді қасақана физикалық және психикалық түрде азаптады деп айыпталып отыр.

Айыптау актісіне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдын ала келісім бойынша 2014-2015 жылдар аралығында жәбірленушілерден Қостанай облысы аумағында автомобиль аккумуляторларын ұрлады делінген жауап алу мақсатында оларды азаптаған.

"Олар "Бірнеше рет азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс жасаған. Қысқарған тәртіпте басты сот отырысы 14 шілдеде сағат 10.00-де болады", - деп жазылған Қостанай облысы сотының баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың ақпанында Алматыда екі патруль қызметкері ер адам оның әйелін ұрып-соққаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2013 жылдың күзінде Николай Бейісов әйелі Жаннамен бірге өз үйінде достарын қарсы алған. Түн ортасында қонақтарды үйіне жеткізіп тастау үшін Бейісов такси шақыртады, бірақ кейін таксидің қызметінен бас тартып, достарын өз көлігімен апарып тастауды ұйғарады. Шақыртқан айыбы үшін таксиге 500 теңге төлейді. Бірақ жүргізуші бұған разы болмай, жанжал шығарады. Көп ұзамай патруль полицейлері пайда болып, Бейісовтің үйіне кіріп оны сабап тастайды. Жәбірленушінің тоғыз қабырғасы сынып, өкпесі жыртылған. Ал полицейлер болса, өз жауаптарында сол кезде олардың бірі кепілге алынғанын айтады. Сол себепті көмек шақырып, шара қолдануға тура келген. 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети