14 шілде 2015 21:47

Қостанайда жастар саясаты ісі жөніндегі басқарманың экс-басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Шөкенов. ©Ng.kz Тимур Шөкенов. ©Ng.kz

Қостанай қаласында "Қостанай облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Тимур Шөкенов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай қаласында "Қостанай облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Тимур Шөкенов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдары бойынша, Қостанай қаласында "Қостанай облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы" ММ басшысы қызметін атқарған Тимур Шөкенов 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсаны аралығында жеке кәсіпкер Чистыйдың көмегімен иемдену арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Нақтырақ, ол тендер шарттарына сай жұмыстың атқарылмағанына қарамастан "С" ЖК есепшотына 575 000 теңге аударған. Сонымен қатар, Шөкенов петропавлдық "Р" ЖШС есепшотына 1 миллион 700 мың теңге аударған. Бұл фирма бағалық ұсыныс жасау тәсілімен өткен конкурста жеңіп шыққанымен шара жүзеге аспаған, ал атқарылған жұмыстар актісіне қол қойылған.

Шөкенов ҚР ҚК-нің "Қызметтік жалғандық жасау" және "Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану", "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және ысырап ету", ал Чистый "қызметтік өкілеттікті теріс пайдалануға көмектесу" баптары бойынша айыпталған.

"Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Шөкеновке ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлімі, 314-бабының 2-бөлімі, 176-бабының 3-бөлімі "г" тармағы бойынша айыпты деп танылып, жалпы режимдегі колонияда 5 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 5 жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәсіпкер Чистый қылмыстық әрекеттің болмауына орай сот үкімімен ақталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети