08 желтоқсан 2016 19:41

Қостанайда күзетшілерді тірідей өртеген ағайындылар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша арнайы сотында Рудный қаласында болған екі адамды тірідей өртеу бойынша сот аяқталды, - деп хабарлайды Алау-ТВ. Сотталған 24 пен 33 жас аралығындағы бес ер адам. 


Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша арнайы сотында Рудный қаласында болған екі адамды тірідей өртеу бойынша сот аяқталды, - деп хабарлайды Алау-ТВ. Сотталған 24 пен 33 жас аралығындағы бес ер адам. 

Басылымның жазуынша, ағайынды Егошиндер, Самадаховтар және олардың достары Курочкин мас күйінде Рудныйдың шетінде орналасқан түсті металл қабылдау пунктін тонамақ болады.

Шабуылдаушылар күзетшілер отыратын вагонға басып кіріп, екі күзетшіні байлап, сыртқа алып шығады. Өзгелері түсті металл салынған қаптарды алып шығып жатқанда, бұрындары осында істеген Сергей Егошин байлаулы жатқан адамдардан гараж кілтін талап етіп, өртеп жіберемін деп қорқытады. Бес қылмыскердің арасында жас жағынан ең кішісі де осы Сергей Егошин ақыры күзетшілердің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

100 пайыз күйік алған күзетшілер бір тәуліктен кейін көз жұмған, ал оның алдында еш көмек шақыруға мұршасы болмағандықтан алты сағат бойы далада жатып қалған,

Сот Сергей Егошин қатаң режимдегі колонияға 21 жылға кесті, ал оның туыс ағасы Павел - жалпы режимдегі колнияда жеті жарым жылын өткізеді. Виталий Самадахов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Артём Самадахов 9 жылға және Евгений Курочкин 8,5 жылға сотталды, олар жазаларын айрықша режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сотталғандар ұрланған металлдың құнын (83 мың теңге) қайтару керек. Ал Сергей Егошин көз жұмғандардың отбасына моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети