22 маусым 2016 12:16

Қостанайда нәрестені тістеп алған иттің иесі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.ru © vesti.ru

Қостанайда нәрестені тістеп алған иттің 18 жастағы иесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда нәрестені тістеп алған иттің 18 жастағы иесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Набережный" пунктінің қызметкері Батырбек Мырзабековтың айтуынша, стаффордшир терьерінің иесін куәгерлердің арқасында ұстау мүмкін болған. Ұсталған 18 жастағы қызға қатысты 408-бап бойынша ("Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу") әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл баптың жазасы 10 АЕК көлеміне дейін айыппұл екен. Шешім шыққаннан кейін жәбірленуші моральдық және материалдық шығынын өндіру үшін сотқа жүгіне алады.

Еске салайық, төтенше жағдай 21 маусымда Қостанайдағы Абай мен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Әйелдің қолында екі айлық нәресте болған. Көшеде оның маңынан иті бар әйел өтіп бара жатқан. Осы кезде ит нәрестені тістеген. Сәбиін қорғамақ болған анасы да жарақат алған. Ал иттің егесі оқиға орнынан қашып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети