21 шілде 2016 15:12

Қостанайда полицейдің мұрнын бұзған Porsche Cayenne жүргізушісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© top-news.kz © top-news.kz

Полицейдің мұрнын бұзғаны үшін қостанайлыққа екі жыл бостандығын шектеу үкімі кесілді, - деп хабарлайды "Наш Костанай"


Полицейдің мұрнын бұзғаны үшін қостанайлыққа екі жыл бостандығын шектеу үкімі кесілді, - деп хабарлайды "Наш Костанай"

"Судья Советбек Мұхамбетов Челоянды екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, оған пробациялық бақылау қызметі тағайындалды және де оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы кесілді. Сотталушы сот залында қамаудан босатылды. Сот үкімі шыққан соң Чолоянның туыстары қол шапалақтап, арқасынан қағып, құшақтай бастады. Ал ол болса журналистерге қарата сөйлеп, өзінің бет әлпетін көрсетуге тыйым салды", - делінген хабарламада. "Сот шешіміне келісесіз бе" деген сұраққа ол "бұл - әскери құпия" деп жауап берді. 

Еске салайық, қылмыстық іс материалдары бойынша, 23 сәуірде сағат таңғы 6.00 шамасында Гашек көшесінде жол-патрульдік полициясының тоқтаңыз деген талабын орындамаған Porsche Cayenne жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауды соққан. Жеке басын куәландыратын құжаттар мен жүргізуші куәлігін көрсетуден бас тартқан жүргізуші Быковский-Абай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 стационарлық постқа жеткізілген. Skoda Octavia қызметтік көлігі ішінде отырып-ақ жеке басын анықтамақ болған кезде қашпақ болған. 

Мас күйінде бола тұра ол полиция қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсетіп, өзінің жазадан құтылып кететіндігін ашық айтып сес көрсеткен.  Осыдан кейін бұзақы тәртіп сақшысының біреуіне жұдырық жұмсаған. Соққы салдарынан оның  мұрын сүйегі сынып, қозғалып кеткен. Челоян сол мезетте тергеу изоляторына жабылған. Оған ҚР ҚК 380-бабы 2-бөлігі ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша іс қозғалған. 

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети