28 қазан 2018 11:10

Қостанайда полицейлер "Малина" интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлерін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tobolinfo.kz ©tobolinfo.kz

Қостанайда полицейлер интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды "Тобол Инфо" порталының тілшісі. 


Қостанайда полицейлер интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды "Тобол Инфо" порталының тілшісі. 

Ұйымдасқан қылмыспен күресу қызметкерлерінің назарын Алтынсарин көшесінің бойында, "Березка" дүкенінің маңыда орналасқан "Малина men’s club" деп аталатын мекеме аударды. 

Мекеменің қасында жұмыс істейтін және тұратын куәгерлердің айтуынша, салонның жұмыс істеп жүргеніне бір жыл болған. Біреулер массаж жасайтын салон деп білсе, жергілікті тұрғындардың көбі бұл мекемеге сескеніп қарайтынын және интим қызмет көрсететіндерін айтты. 

"Мен тура бұл салонның жанында жұмыс істеймін. Ол жерге қалай ер адамдар кіріп-шығатындарын жиі көремін. Жаз мезгілінде қыздар салонға ер адамдарды шақырып, тіпті өзінің кім екенін айтуға ұялмады да", - деді көршілес шаштараз мекемесінің қызметкері. 

Интим қызмет көрсеткен қызметкерлерді 26 қазанда түнде ұстады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналистер Қостанай облысының ІІД өкілдеріне ресми сауал жіберді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети