13 наурыз 2016 12:33

Қостанайда зергерлік бұйымдар дүкеніне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © siol.net Иллюстрация. © siol.net

Қостанайда тонаушылар зергерлік бұйымдар дүкеніне шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Наша газета" өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда тонаушылар зергерлік бұйымдар дүкеніне шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Наша газета" өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарақшылар металл қоршауды майыстырып үлгерген, бірақ оларды патрульдік полиция ұстап алды. Басылымның мәліметінше, полиция келгенде екі жігіт қашуға талпынып, тұрғын үйдің кіреберісіне тығылған, алайда олар тап сол жерде ұсталды. Үйдің кіреберісін тінту барысында үлкен сөмке табылды, оның ішінде ауыстырып киюге арналған күртелер, қолғаптар және балғаның бастары болған.

Жергілікті полиция қызметкері мен күзет фирмасының мамандары іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстағандары үшін және дер кезінде әрекет еткендері үшін марапатталды.

Айта кетейік, бұл дүкенге бұған дейін де шабуыл жасалған. 2012 жылы қарашада бес жігіт күзетшіні жаралап, дүкеннен 70 миллион теңгенің бағалы заттарын алып кетті. Полиция бағалы заттар салынған сөмкесі бар екі адамды ұстады. Ал қалғандары екі жылдан кейін бірақ қолға түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети