Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қостанайдың бұрынғы әкімі сотта өз кінәсін мойындады

10 Қыркүйек 2015, 20:15
0

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов сотта өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды "Наша газета".

Басылымның мәліметінше, қаланың бұрынғы басшысы ҚР ҚК 365-бабы бойынша ("Заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтіру") және 307-бабы бойынша ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") айыпталып отыр. Сот отырысы кезінде прокурор күдіктінің тағылған айыптармен келісетінін және кінәсін мойындайтынын есепке ала отырып, Ахметжановты  үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.

"Ахметжанов сот залына кісенсіз кірді, ол көңілі түсіңкі көрінді, бірақ ұстамды болды", - деп атап өтті басылым тілшісі. Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

Ал ұсталуының алдында Ахметжанов Қостанай әкімі қызметінен босатылған еді. Сол уақытта Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оның қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлап еді. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібеков тағайындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай