Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Астанада әйелді ұрып өлтірді деген күдіктінің қамауға алынуына қатысты түсінік берді

17 Қыркүйек 2016, 16:31
0

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері осыған дейін Астанадағы автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелді өлтірді деген күдіктінің қамауға алынуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 14 тамызында Астана тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен ҚР Қорғаныс министрлігінің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметкері ұсталды. 13 тамызда әскери қызметкер Астанадағы дәмханалардың бірінде қаза тапқан әйелмен және оның құрбысымен танысқан. Шамамен сағат 00.30-ға қарай ол әйелді үйіне шығарып салады (Абылай хан даңғылы, 12/1). Сол уақытта олардың арасында жанжал пайда болған. Салдарынан әскери қызметкер оның бетінен ұрып жіберген. Содан ер адам үйіне кетіп қалған. 2016 жылдың  14 тамызында әйелдің күйеуі оны ес-түссіз жатқан күйінде ауладан тауып алады. Содан әйел ауруханаға жеткізіліп, cонда қайтыс болады. 2016 жылдың 15 тамызында шамамен сағат 01.00-де әскери қызметкер Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомстводағылар қазіргі уақытта ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Министрліктегілердің айтуынша, 7 тамызда автотұрақта әйелді бірнеше әскери қызметкер ұрып-соқты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы автотұрақтардың бірінде бірнеше ер адамнан соққы көрген әйелдің қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасаған басылым тілшілерінің айтуынша, ер адамдарға әйелдің автотұрақта көлікті қойғаны ұнамаған. Олар оған ескерту де жасаған. Содан ер адам мен әйелдердің арасында жанжал шығып, кейін төбеске ұласқан. Соңында ер адамдар әйелді аяусыз соққыға жыққан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай