21 желтоқсан 2016 19:34

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының экс-орынбасары қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК арнасының кадры © КТК арнасының кадры

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының экс-орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Ақтөбе қалалық №2 сотының Р.С.Ахановақа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш келіп түсті. Соттың қаулы етуімен, өтініш қанағаттандырылды. 


ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының экс-орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Ақтөбе қалалық №2 сотының Р.С.Ахановақа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш келіп түсті. Соттың қаулы етуімен, өтініш қанағаттандырылды. 

Рахат Аханов ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігінің 4-пункті бойынша ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") күдікті. Сонымен қатар, ол қызметтік өкілін пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген күдік бар.

Осыған дейін Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы 7 адамның қамауға алынғаны хабарланған болатын. "Ақтөбе қалалық №2 сотына арнайы операция кезінде ұсталған Б.К.Батыров, Н.С.Қазкенов, С.Б.Дусупов, Е.У.Еркетаев , А.А.Амитов, Ж.М.Ілиясов, А.М.Қалиев, А.Ж.Сәрсенов және Еркін Ізбасарға (1-ші топтағы мүгедек) қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтініш келіп түсті", - делінген еді хабарламада.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Еркін Ізбасаровпен бірге оның көлік жүргізушісі мен оққағары да қазір Ақтөбеде. Енді оларды мұнай ұрлығына қатысты осында тергейтін болады. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети