09 ақпан 2017 18:35

ҚР ІІМ мен ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды - Ұлттық бюро

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ мен ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ІІМ мен ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ҰҚҚ Шекара қызметінің әскери бөліміндегі қызметкерлерінен 2 миллион теңге талап еткен Ақтөбедегі ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының басшысы, подполковник С. Абдулаев әшкереленді. Қызметкерлерден талап еткен сомасының бір бөлігін - 700 мың теңге алып жатқан кезінде ұсталып, Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды."

Сондай-ақ, 250 мың теңге көлемінде пара беруге арандатушылық жасаған ШҚО-дағы Аягөз өңірінің Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы ұсталды және осы мекеменің коменданты Ж.Қожаева ұсталды. Заңсыз берілген ақшаның Аягөздегі орталық сауда орнында алкоголді саудамен айналысуға рұқсат беру үшін арналғаны анықталды. Қожаева Аягөз аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети