29 наурыз 2017 19:24

ҚР МСМ бодибилдинг пен синхронды жүзуден жаттықтырушылары ақша жымқырғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының" синхронды жүзу мен бодибилдингтен мемлекеттік жаттықтырушылар Бекен Бекмұханбетов пен Геннадий Черкасов ақша жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, Бекен Бекмұханбетов синхронды жүзуден мемлекеттік жаттықтырушы бола тұра, Дирекцияның бухгалтериясына жалған құжаттар тапсырып жүрген. Апелляциялық соттың мәліметінше, ол оған сеніп тапсырылған 9 миллион 324 мың теңге ақшаны иеленіп, жаратқан. 

Бекен Бекмұханбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 4-бөлігі, "б" тармағы бойынша сотталды. Сондай-ақ, сот оған рақымшылық жасап, оның қамау мерзімін қысқартқан.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес ("Шартты түрде соттау") жаза шартты түрде 1 жыл 6 айға тағайындалды", - делінген Астана қалалық апелляциялық соттың үкімінде.

Ал екінші бодибилдинг жаттықтырушысы Геннадий Черкасовқа да осындай жаза тағайындалды. Іс материалдарына қарағанда, ол Дирекцияның бухгалтериясына жалған алғытөлемдік есеп берген. Сондай-ақ, ол ҚР Қылмыстық кодекснің 176-бабының, 4-бөлігі, "б" тармағы бойынша айыпты деп танылды. 

Соттың мәліметінше, Дирекцияға жалпы сомасы 4 миллион 233 мың 171 теңге шығын келтірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети