16 сәуір 2014 19:58

Қылмыскерлер оқушы қыздардың пәктігін сатпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kp.ru сайтынан алынды Фото kp.ru сайтынан алынды

Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мектепте оқитын екі қыздың тән саудасына қалай түскенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz   "Новости Караганды" сайтына сілтеме жасап. Бұл қылмысқа күдікті деген айыппен 47 жастағы азамат пен 19 жастағы қыз ұсталды.


Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мектепте оқитын екі қыздың тән саудасына қалай түскенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz   "Новости Караганды" сайтына сілтеме жасап. Бұл қылмысқа күдікті деген айыппен 47 жастағы азамат пен 19 жастағы қыз ұсталды.

Қылмыскерлерді құқық қорғаушылар оқушы қыздарды 130 000 мың теңгеге сатып алмақшы болған адаммен келісім жүргізіп жатқан кезде қолға түсірген. Жеңгетайлық жасап жүрген азамат қыздардың пәктігін сатып алмақшы болған адам құқық қорғау органының қызметкері екенін білмеген.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмаған қыздарды сатып алу ісін ұйымдастырды. Қылмыскерлер қыздарды сатып алатын адамнан ақша алған сәтте тұтқындалды. Тергеу барысында қолға түскен қылмыскерлер өз кінәларын мойындады. Ол азаматтардың үстінен ҚР ҚК 133-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің мемелекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Жанатбай Сембеков.

Сондай-ақ Ішкі істер департаментінің қызметкерлері екі қыздың да жақсы отбасында тұратындығына қарамастан көп уақыт сайрандап жүретінін айтты. Қыдырып жүрген күндерінің бірінде олар "жеңгетайлықпен" айналысатындардың қолына түскен. Олар оқушыларды Қарағанды қаласына әкеліп, үш күн бойы 47 жастағы еркектің үйінде ұстаған.

Қолға түскен тұтқын бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал оның әріптесі Ішкі істер органының тіркеуінде тұрған. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети