04 ақпан 2016 12:42

Қылмыстық топ Қазақстан қалаларында 7 миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі © ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Қылмыстық топ Қазақстанның бірнеше қаласында 7 миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қылмыстық топ Қазақстанның бірнеше қаласында 7 миллиард теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, топ салық төлеуден жалтару мақсатында бірқатар арнайы құрылған кәсіпорындар арқылы ақша құралдарын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан. Нақтырақ айтсақ, 1 ақпанда Семей қаласында ақша құралдарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған тұлғадан 130 миллион тәркіленді. Ол банк ғимаратының маңында ұсталды. Сонымен қатар, заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырмас үшін кәсіпорынның шотындағы 151 миллион теңгеге тыйым салынды. 

Қазіргі уақытта азамат А. ұсталды, барлық заңсыз қызметке қатысы бар, оның ішінде банк қызметкерлерін анықтау бойынша шұғыл тергеу шаралары жүргізілу үстінде. Астана, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумағында жұмыс істеп келген, көрсетілген қылмыстық топ 7 миллиардтан аса теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Осы кәсіпорындардың барлық контрагенттерін анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети