Қырғызстандық экс-депутаттың Қазақстандағы қамау мерзімі ұзартылды

15 Тамыз 2018, 11:47
0
Қырғызстандық экс-депутаттың Қазақстандағы қамау мерзімі ұзартылды - Асылбекұлы Дамирбек. © 24.kg
Асылбекұлы Дамирбек. © 24.kg

Қырғызстанның бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекұлының Қазақстандағы қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Асылбекұлы Дамирбектің қамау мерзімі 15 қазанға дейін ұзартылды. 9 тамызда шыққан үкім бойынша", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында ҰҚК өкілдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеден саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізіп, 29 адамды ұстаған болатын. Олардың екеуі - Қырғызстанның азаматы. Кейін олардың біреуі Қырғызстанның депутаты екені анықталды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай