10 қазан 2014 18:56

Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қайта тергелу үшін кері қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай. Фото vk.com сайтынан алынды Ақжарқын Тұрлыбай. Фото vk.com сайтынан алынды

Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қатысы бар есірткі тасымалына байланысты іс қайта тергеу үшін кері қайтарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне күдікті қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов айтты. Қазақстан азаматшасы есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікпен Қытайда тұтқындалған болатын. 


Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қатысы бар есірткі тасымалына байланысты іс қайта тергеу үшін кері қайтарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне күдікті қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов айтты. Қазақстан азаматшасы есірткі тасымалына қатысы бар деген күдікпен Қытайда тұтқындалған болатын. 

"Тергеу әлі де жалғасуда, әзірге іс соттың қарауына берілген жоқ. Қытайда да біздегі секілді алдымен іс тергеледі, одан кейін прокуратураға беріледі. Қазір қандай да бір ақпарат алу қиын. Өйткені бұл екі мемлекеттің де қатысы бар іс қой. Әзірге істі қайта тергеу үшін кері қайтарды, соттың қашан болатыны белгісіз", - дейді адвокат Нұрмағамбетов. Ақжарқынның ата-анасы Оңтүстік Қазақстан облысында, ал күдіктінің өзі қамауда отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын хабарлағанымыздай, Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайды екі адвокат қорғайды. Мұндай келеңсіз жағдайға 20 жастағы Ақжарқын осы жылдың наурыз айында ұрынған еді. Оны Қытайға әлдебір заттарды жеткізіп бер деген сылтаумен Алена және Джони деген белгісіз біреулер жіберген көрінеді. Олар бұрын Алматыдағы барлардың бірінде жұмыс істеген екен. Сонымен Ақжарқынның жүктерінің арасынан есірткі табылған. 3 наурызда жас қыз Гуанчжоу әуежайында тұтқындалды. Қытайда есірткі контрабандасы үшін өте көп мерзімге қамауы мүмкін, тіпті оны өмір бойы бас бостандығынан айыруы да ықтимал. Алайда Ақжарқынның анасы қызының алданып қалғанын айтып отыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети