13 қараша 2015 18:12

Қыз алып қашу оқиғасы: Күйеу жігіт қалыңдығын ұрлаған жігітке кешірім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыз алып қашу оқиғасы: Күйеу жігіт қалыңдығын ұрлаған жігітке кешірім берді. © Tengrinews TV. Қыз алып қашу оқиғасы: Күйеу жігіт қалыңдығын ұрлаған жігітке кешірім берді. © Tengrinews TV.

Алматыда күйеу жігіт қалыңдығын ұрлаған жігітке кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews TV


Алматыда күйеу жігіт қалыңдығын ұрлаған жігітке кешірім берді, - деп хабарлайды Tengrinews TV

Күйеу жігіт Жейхун Айвазов Айсельдің алып қашу құрбаны болғанын білгеннен кейін қатты ашуланғанын, оның сазайын тарттырғысы келгенін, бірақ кейін бұл ойынан қайтқанын айтып берді. Жейхун алып қашқан жігітті танитын болып шықты. Ол ұялы телефонында қалыңдығы екеуінің бірге түскен суретін көрсетіп, бір-бірін жақсы көретінін айтты. Үйлену тойы, оның айтуынша, Айсель 18 жасқа толғаннан кейін өтеді екен. Осы оқиғадан кейін қыз колледждегі оқуын тастап кетіпті. 

Әзірбайжан диаспорасының өкілі болып табылатын туысы бұл оқиғаны ақсақалдар кеңесіне салатындарын жеткізді. Оның пікірінше, адамды ұрлау дұрыс емес. Алайда олар жігітті кешіріп, полицияға хабар беруден бас тартыпты. Айта кетейік, қыз 13 қарашада таңғы уақытта үйіне оралды.

Еске сала кетейік, Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды. Видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында пайда болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети