23 мамыр 2016 13:13

Қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысқан қарағандылыққа жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24smi.org © 24smi.org

Біріккен Араб Әмірліктеріне қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысатын қарағандылық бес жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Біріккен Араб Әмірліктеріне қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысатын қарағандылық бес жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, қарағандылық жас қыз қыздарды БАӘ-де жыныстық қызмет көрсетумен айналысуға ашық шақырған. Оған Бахрейнде осындай қызмет көрсетумен айналысатын әпкесі көмектесіпті.

Құрбандарын ол жыныстық қызмет ұсынатын жарнамалар бар сайттардан тауып, олардың номерлеріне хабарласып, үгіттеген. Алина деген лақап атпен жарнама берген қыз бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлапты. Алина мен айыпталушы өткен жылы 24 қыркүйекте алғаш рет кездескен екен. Алина қомақты көлемде ақша табуға қызығады. Бірақ, кездесу барысында сотталушы ол жақта нақты немен айналысатынын ашып айтқан. Ол табыстың клиенттер санына тікелей байланысты екенін, сонымен қатар, шашты сары түске бояп, күтіну керек екенін ескертеді.

26 қыркүйекте қыздар екінші рет кездеседі. Алина өз өмірі мен денсаулығы үшін кімнің жауапты болатынын сұрайды, дегенмен ол ешкім өзі үшін жауапты болмайтынын біледі. Осыдан кейін Алина полицейлерге хабарлаcқан. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өтінішімен Алина БАӘ-ге кететін адамның ролін "ойнай тұрады". Соңында Алинаны Бахрейнге алып кететін адам келген. Полицейлер әуежайда оларды ұстап, екі билет тәркіледі.

Күдіктілердің біріне қатысты "Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол бес жылға шартты түрде сотталды. Ал екіншісінің ісі сотқа әлі түскен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети