25 қазан 2017 13:43

Қызылорда облысында жануарларды қорғау мекемесінің бес қызметкері заңсыз аң аулаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада жануарларды қорғау мекемесінің бес қызметкері заңсыз аң аулаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада жануарларды қорғау мекемесінің бес қызметкері заңсыз аң аулаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және "Охотзоопром ӨБ" РМҚК қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының аумағында УАЗ автокөлігімен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің 5 қызметкері ұсталды", - делінген ІІД хабарламасында.

Тексеру барысында автокөлік ішінен 1 дана қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дана дайын оқ, 1 дана шаппа пышақ және 39 дана қоян өлі денесі бары анықталған.

Қазіргі танда бұл дерек ҚР Қылмыстық көдексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети