26 шілде 2017 11:06

Қызылорда облысында кафелердің бірінде қару қолданған төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Қызылорда облысының Қазалы ауданында қару қолданған төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Қызылорда облысының Қазалы ауданында қару қолданған төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Қазалы АІІБ кезекші бөліміне 23 шілдеде түнгі cағат 02:40-та хабар түскен. Қаладағы бір сауықтыру мекемесінде төбелес болғаны хабарланған. 

"Оқиға орнына дереу патрульдік көліктер жіберілді. Алайда төбелескендер оқиға орнынан қашып кеткен. Осы іске қатысқандардың кім екені анықталды. Бұзақылық әрекетке барған басқа да қатысушылар іздестіріліп жатыр", - деді Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы және 24-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети