20 наурыз 2014 16:08

Қызылорда облысында спирт өнімдерінің құпия қоймасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bereg23.ru ©Bereg23.ru

Қызылорда облысында шекарашылар спирт өнімі жасырылған құпия орынды тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. Қызылорда шекара отрядына қарасты "Шопанқазған" заставасының шекарашылары "Қызылкөң" артезиан құдығының маңына жасырылған контрабандалық жүкті тапқан. Алдын ала болжам бойынша ол - этил спирті. "Оның жалпы салмағын есептегенде 4 тонна болып шықты, яғни 1,5 литрлік шөлмектерге құйылған өнім әр қапшыққа 25 данадан қатталыпты, қапшықтардың жалпы саны 115 болды", - делінген Шекара қызметі таратқан баспасөз парағында. Осы дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар беріліп, тергеу амалдары басталды. Еске сала кетейік, наурыз айының алғашқы күндері спирт өнімдері сақталатын құпия орын Оңтүстік Қазақстан облысындағы шекаралас өңірден табылған еді. 1,5 литрлік құтыларға құйылып, 240 қапшыққа салынған спирт өнімдерінің жалпы салмағы 9 тоннаға жетті. Ал мұның алдында ақпан айында қазақ-қырғыз шекарасында спирт өткізетін астыртын құбыр табылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети