30 наурыз 2017 19:14

Қызылордада 34 жастағы алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © баспасөз қызметінен  © баспасөз қызметінен

Қызылордалық полицейлер алаяқтықтың жолын кесу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 6 алаяқтық қылмысқа күдікті 34 жастағы қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордалық полицейлер алаяқтықтың жолын кесу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 6 алаяқтық қылмысқа күдікті 34 жастағы қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күдікті әйел Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінің тұрғынына 2016 жылы қазан айында Қызылорда қаласы, Арай мөлтек ауданынан 3-бөлмелі пәтерді арзан бағаға алып беремін деп, аталған Арай мөлтек ауданындағы пәтерді 1-күнге жалға алу арқылы жәбірленушіге көрсетіп, одан осы пәтердің құжаттарын рәсімдеу үшін жалпы 1 200 000 теңге ақшасын алдап алған", - дейді полицейлер.

Алаяқ осындай жолмен өзге екі адамнан 900 мың және 970 мың теңге алған. Сонымен қатар, несие алып беремін деп те заңсыз жолмен ақша иемденген. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, күдікті 2016 жылдың қыркүйегінде 1966 жылы туған әйелге еш қиындықсыз несие алып беремін деп 7000 теңге және 1971 жылы туған әйелден де 21 000 теңге алған. Күдікті жұмысқа тұрғызамын деп әйел адамнан 300 мың теңге алған. 

Бұл деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети