30 мамыр 2017 16:18

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, сатып жіберген әккі ұры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен Сурет Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен

Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, сатып жіберген әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордада алтын бұйымдарды ұрлап, сатып жіберген әккі ұры ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың сәуір айының 9 күні таңғы сағат 09.30 шамасында белгісіз біреу ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру мақсатында Шиелі кентіндегі базарлардың бірінде орналасқан "Ақжан" әшекей бұйымдарын сататын дүкеніне кіріп, осы дүкеннен әр түрлі үлгідегі алтын алқаларды жасырын жымқырып ұрлап кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Нәтижесінде дүкен иесіне жалпы құны 3 455 000 теңге мүлік шығын келген.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты жасады деген күдікпен Ақжарма ауылының 1982 жылы туылған тұрғыны ұсталып, Шиелі АІІб-нің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті барлық алтын бұйымдарды сатып жіберіп, түскен ақшаға автокөлік сатып алғандығы анықталды.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети