19 қаңтар 2018 10:08

Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Қызылордада өгей қызына қатысты азғындық әрекет жасады деп айыпталған Нұрлан Рахиевтың туыстары бауырларына араша сұрайды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қызылордада өгей қызына қатысты азғындық әрекет жасады деп айыпталған Нұрлан Рахиевтың туыстары бауырларына араша сұрайды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жәбір көрген қыздың анасы Жанна Салыбаева мен Нұрлан Рахиев осыдан 9 жыл бұрын қосылған екен. Бірақ әйел бұл отбасыға екі жасар қызымен келген. Нұрлан Рахиевқа 4 бала туып берсе де, бұл жұп некелерін заңдастырмаған. Өгей әкесінің жасаған  қылығын анасына 11 жастағы Ақгүлдің өзі айтып берген.

"Келіндері төрт ай бойы тергеу қапасында жатқан күйеуіне жала жауып, баспанасын тартып алмақшы екен. 33 жастағы ер адаммен азаматтық некеде тұрған келіншек оған 4 бала туып беріпті", - дейді телеарнадағылар.

11 жастағы жәбірленушінің анасы Жанна Салыбаеваның айтуынша, ол бұл жағдай туралы бірден тәртіп сақшыларына хабарлап, өзі бес баламен дағдарыс орталығына кетіп қалған.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, жергілікті әкімдік оған уақытша баспана тауып берген.

"Енді келіннің көздеп отырғаны - бұл баспана. Өзінің бастапқы мақсаты баспаналы болу. Апасы Ажар деген баспанасыз, әр жерде бала-шағасымен жүр. Анасы Тұраш оның да отырған үйі екі бөлмелі, өзі оның үстіне науқас. Отырған жері нашар, соның бәрін ойластыра келіп, бұлар апасымен қасақана алдын-ала ұйымдастырып отырған іс-әрекет деп отырмын", - дейді айыпталушының анасы Алмагүл Құлахмет.

Телеарна мәліметінше, тәртіп сақшылары 11 жастағы Ақгүлге қатысты барлық сараптаманы жасаған. Абырой болғанда, қыздың дене мүшелеріне еш зақым келмепті. Күдікті қызға өзінің әурет жерін ұстатып, өзі де өгей қызын аймалап ләззат алған екен. Бала анасына осындай жағдайдың екі рет болғанын айтқан.  

"Тергеу барысында күдікті Рахиев Нұрланның кінәсі толығымен дәлелденді. Қазіргі уақытта іс прокуратурада", - деді Қызылорда ОІІД тергеу басқармасының тергеушісі Табиғат Еркінбекұлы.

Телеарна мәліметінше, азғын деп айыпталған Рахиев әзірге өзіне шаң жуытпай отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 12 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети