28 наурыз 2018 10:43

Қызылордадағы атыс: Полиция істі екі бап бойынша тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордадағы атыс дерегін полиция "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордадағы атыс дерегін полиция "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орын алған бұзақылық әрекетінің нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) және 99-бабы 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сезіктілер ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

 Мұның алдында атыстан зардап шеккен жігіттің ауруханада қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, бүгін. 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.

Қызылордадағы атыс: Полиция оқиғаның мән-жайын айтты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети