04 қыркүйек 2017 11:00

Қызылордалық қыздарды жезөкшелікпен айналысуға шетел асырып жібермек болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FMG NEWS © FMG NEWS

Қызылордалық полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды шетел асырып жібермек болған күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылордалық полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды шетел асырып жібермек болған күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қызылорда облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қаласының 3 азаматшасын жезөкшелікпен айналысу үшін Түркия мемлекетіне жібермек болған жерінен 1968 және 1990 жылы туылған 2 азаматша құрықталды", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы және Қызылорда қаласының 2 тұрғыны алдын ала сөз байласып, 36, 26 және 22 жастағы азаматшалардың сеніміне кіріп, жақсы табыс табатын жұмысқа орналастыратынына сендірген. Алайда, сенімдерін теріс мақсатта пайдаланып, Түркия мемлекетіне жезөкшелікпен айналысу үшін жібермек болған. Олардың бұл әрекеті әшкере болып, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының әуежайынан ұсталады.

Қазіргі таңда аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының 128-бабы 3-бөлігімен (Адам саудасы) тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Қызылорда ҚІІБ-нің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Полицейлердің айтуынша, 2017 жылғы 25-27 тамыз аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында "Stop-трафик" жедел профилактикалық шарасы жүргізілген.

Шара барысында полиция қызметкерлері 5 қылмыстың бетін ашып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен (Қоғамдық орында тиісу) көзделген 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети