29 желтоқсан 2016 14:56

Қызылордалық полицейлер 1 келіден аса есірткі затын алып бара жатқан азаматтарды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі © Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қызылордалық полицейлер 1 келіден аса есірткі затын алып бара жатқан азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордалық полицейлер 1 келіден аса есірткі затын алып бара жатқан азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Қармақшы АІІб Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта барлау жұмыстарын жүргізу барысында күдік тудыратын "Лада Калинина" маркалы автокөлігін тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын, көліктің ішін тексеру кезінде  полиэтилен орамасын байқайды. Пакетті ашып қарағанда өзіне тән ерекше иісі бар есірткіге ұқсас жасыл түсті зат анықталып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылды. Аталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 1 кг. 888 гр.-ды құрайтын "кептірілген марихуана" екендігі анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, күдіктілер - Қазалы ауданының 30 және 31 жастағы тұрғындары оқиға орнынан ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егер де ұсталғандардың кінәсі дәлелденген жағдайда, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, қайта өңдеп, сақтап, тасымалдағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети