24 мамыр 2018 17:17

Қызын пышақтаған қостанайлық 14 жыл бұрын әйелін өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Аlau.kz.


Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Аlau.kz.

Сот отырысы барысында Сергей Клепиков қызын өлтірген күні не болғанын айтып берді.

"Жұмыстан кейін шамамен сағат 19.00-де досыммен бірге сыра іштік. Сосын үйлерімізге қайттық. Үйге келіп, қызыммен амандасып, жоғарыға қарай көтерілдім. 15-20 минуттай демалып жаттым. Сосын төменге түсіп, не болғанын білмеймін, қолыма пышақ алып, қызыма қарай жүгірдім. Мені кешірмеу керек, өзімді өлтіріп тастағым келеді", - деді сотталушы.

Сондай-ақ, Клепиков қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Айтуынша, олардың арасында ешқашан ұрыс болмаған. Бүкіл жалақысын тек қызына жұмсаған.

Мұнымен қоса, ер адамның 2004 жылы қыздың анасын өлтіргені белгілі болады. Олар сол кезде ажырасқан екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда ер адамның 15 жастағы туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Соттың мәліметінше, ер адам 2016 жылы түрмеден шыққан. Кәмелетке толмаған 2002 жылғы қызымен бірге туған әпкесінің үйінде тұрып келген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети