18 қаңтар 2017 14:01

Лаңкестер шабуылдағанда әжетханаға тығылып қалған ақтөбелік әскерилер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде өткен жылдың маусымында әскери бөлімге жасалған шабуыл кезінде әжетханаға тығылып қалған әскерилерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының әскери сотындағылар хабарлады.


Ақтөбеде өткен жылдың маусымында әскери бөлімге жасалған шабуыл кезінде әжетханаға тығылып қалған әскерилерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының әскери сотындағылар хабарлады.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының судьясы Бекболат Тажмұхан Тастамбеков Қайнарбек Болатбекұлын және Оразжанов Қайырғали Ералұлын "Iшкi қызмет атқарудың немесе гарнизонда патруль болудың жарғылық қағидаларын бұзу" бабы бойынша айыпты деп таныды. Тастамбеков 4,5 жылға, ал Оразжанов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. Олар әскери шенінен де айырылды.

Сондай-ақ, сотталғандардан процессуалдық шығын - 57 882 теңге өндіру туралы шешім шықты.

Айта кетейік, лаңкестік оқиға болған күні кезекшілік атқарған қос майорға "ереже сақтамады", "радикалдарға қарсы әрекет етпеді" деген айып тағылған еді. Әйтсе де, Қайнарбек Тастанбеков мұнымен келіспеген болатын. Ал оның көмекшісі Қайырғали Оразжанов кінәсін мойындаған.

Сот отырысына шақыртылған куәгерлердің барлығы дерлік лаңкестік оқиға болған күні бөлімде қызметте жүрген жауынгерлер. Оларды процесске саппен жеткізді. Алғаш болып сөз алған прокурордың айтуынша, әскери бөлімде кезекшілікке жауапты қос майор содырлар шабуыл жасағанда өз бастарын ойлап тұра қашқан. Олар ең алдымен дәретханаға тығылыпты.

"Тастанбеков бесінші маусым күні, қарулы топ 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған кезде өз өмірін ғана ойлап, қызметтік жарғы ережелерін бұзған. Ол бөлімшелердің кезекшілеріне есіктерді жабу туралы бұйрық бермей, дәретхана терезесі арқылы көмекшісімен қаша жөнелген", - деді мемлекеттік айыптаушы Төреғали Бәкіров.

Сол күні кезекшілер отырған штабқа бас сауғалап кірген 3 жауынгер де содырлар оларға бет алғанда дәретханаға тығылғандарын жасырмайды. Тіпті атыс аяқталғанша отырған. Бірақ майор Тастанбеков пен Оразжановтың қолдарына тапанша ұстаған күйі қайда кеткендерін білмей қалыпты.

"Сақалдылар" басып кірді деді. Майор Тастанбеков айтты. Сасқалақтап қалдық бәріміз. Не істерімді білмей қалдым", - деген еді сотталушылар. Ал әскери бөлімнің кезекшісі Қайнарбек Тастанбеков тағылған айыппен келіспеді. Ол керсінше жауынгерлерді жасырып, құзырлы органдарға дабыл қағумен болғанын айтады.

"Дәретхана терезесінен секіруімнің себебі бар. Секіріп шығып дабыл беруім керек болды. Байланыс торабына құстай ұштым. Бір қолымда тапанша, бір қолымда ұялы телефон болды", - деді айыпталушы Қайнарбек Тастанбеков.

Ал Тастанбековтың көмекшісі майор Қайырғали Оразжанов жарғыны ойлауға мұршасы болмаған. Ол кінәсін мойындап отыр. Дегенмен, әлі он шақты жауынгер лаңкестік оқиғаға байланысты куәлік етулері керек. Оның қаншаға созылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, бесінші маусым күні экстремистердің қолынан сол әскери бөлімде майор Даниел Майлыбаев пен офицер Берік Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза тапқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети