21 ақпан 2019 18:04

Ілияс Карға мүмкін болған максимал жаза тағайындалды - Алматы қалалық соты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматыда бірнеше адам қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылған Ілияс Карға заң бойынша мүмкін болған максимал жаза қолданылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі судья-координатор Ирина Федотова Алмалы аудандық сотының шығарған үкімін түсіндіру барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бірнеше адам қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылған Ілияс Карға заң бойынша мүмкін болған максимал жаза қолданылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі судья-координатор Ирина Федотова Алмалы аудандық сотының шығарған үкімін түсіндіру барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ, үкімге шағым түсірілуі мүмкін. 

"Бірден айтайын, бұл жазба үкімге баға беру емес, мен жұмыс істейтін апелляциялық инстанцияның позициясын көрсету емес. Сот шешімімен шығарылған үкім жоғарғы сатыдағы сот тек қана үкімге шағым түсірілген жағдайда тексере алады", - деп түсіндірді судья-координатор Ирина Федотова. 

Еске салайық, кеше, 20 ақпанда Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Ілияс Карға қатысты сот үкімі шықты. Судья Ілияс Карды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет ") 10 жылға бас бостандығынан айырды және ҚР ҚК 347-бабы ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша екі жылға бас бостандығынан айырды. 

Нақты шешім бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі минимал мекемеде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, ол көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды. 

Судья-координатордың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 21-бабына сәйкес 345-бап абайсызда жасалған қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады. Бұл бап бойынша максимал жаза - 10 жыл. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу қасақана қылмыс түрін жатады, бұл үшін максимал жаза - екі жыл. 

"Қылмыстың ауырлығы ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабының талаптарына сай анықталған, яғни жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар деп танылады.

ҚР ҚК 58-бабына сәйкес Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрбiр құқық бұзушылық үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу арқылы түпкiлiктi жазаны айқындайды. Осы орайда Ілияс Карға тағайындалған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы - заң бойынша мүмкін болған максимал жаз. Сонымен қатар, оның көлік жүргізу құқығынан айыру бойынша да максимал жаза тағайындалған. Яғни Ілияс Кар негізгі жазасын өтеп болған соң, тағы жеті жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады", - деп түсіндірді Ирина Федотова. 

Сонымен қатар, ол Ілияс Кардың жазасын қайда өтеуі керектігі туралы да айтты. ҚР Қылмыстық кодексінің 46-бабына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдарға; осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдар жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде қылмыстық атқару мекемесінде өтейді. 

Оқиға 2018 жылы 29 желтоқсанда болды. Mercedes Gelandewagen автомобилін жүргізген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Нәтижесінде 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапты. 41 жастағы Айзада Сатыбалдиева ауыр халде емханаға жеткізілген.

Айта кетейік, осыған дейін жол апатын жасаған Ілияс Карды прокурор сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ол Шакир Джумазовқа да қатысты шешім қабылдауды сұраған, себебі ол куәгер ретінде жол апаты болған күні айыпталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Алмалы аудандық соты жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыпталған Ілияс Кардың мүлкіне тыйым салды

Ілияс Кардың өкілдері сот шешімінің алдында Хамитовтың отбасынан басқа барлық жақтың материалдық шығындарын өтеген.

Алматыда актриса қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Сотталушы көлік жүргізуде 15 жылдық тәжірибесі бар екенін және жол-көлік оқиғасына бұрын-соңды түсіп көрмегенін атап өтті. Жол-көлік оқиғасы алдында ол мейрамхана мен караокеде болғанын, бірақ ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, ол онкологиялық ауруға шалдыққан. Кейін ол не үшін жол-көлік оқиғасынан орнынан кетіп қалғанын айтып берген еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети