ІІМ инспекторды өлтірді деген күдіктілердің суретін жариялады

18 Қаңтар, 19:43
0
ІІМ инспекторды өлтірді деген күдіктілердің суретін жариялады - Сурет ҚР ІІМ баспасөз қызметінен
Сурет ҚР ІІМ баспасөз қызметінен

ҚР Ішкі істер министрлігі "Охотзоопром"ӨБ" инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Инспекторларға шабуыл жасау дерегі бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу жүріп жатыр. 

"Кешенді тергеу шаралары барысында осы аса ауыр қылмысқа қатысы бар үш күдікті анықталды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Іздеу жарияланғандар қатарында Ахметов Б. М., Шүкілдіков Н. М. және Ақшанов К. В. бар. 

Күдіктілер жайлы қандай да бір мәліметті білетін азаматтар мына нөмірлерге дереу хабарласуы сұралады: 8 (7212) 429204, 429190, 429025, 429026 немесеу "102". 


Қайтыс болған инспектор Ерлан Нұрғалиев. © Ospan Ali

Осыған дейін, "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді.

Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай