21 наурыз 2014 16:18

Мақсат Үсенов 45 тәулік қамауда боп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов. youtube.com сайты бейнежазбасындағы кадр Мақсат Үсенов. youtube.com сайты бейнежазбасындағы кадр

Кісі өліміне әкеп соққан жол көлік апаты үшін сот шешімімен 45 тәулікке қамауға алынған Мақсат Үсенов бостандыққа шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Таң қылаң берісімен әкімшілік жауапкершілікке тартушыларды арнайы қабылдап алатын орынның қақпасы алдына журналистер жиналып қалды.Кезекші бастапқыда қандай да бір мәлімет беруден бас тартты, алайда кейіннен ол бүгін, 21 наурызда босатылуы тиіс адамдар тізімі ішіне Мақсат Үсеновтің барын нақтылады. Түскі үште бұл араға Toyota Camry көлігі келіп тоқтады. Одан кейін арнайы қабылдау орынынан Мақсат Үсенов шықты, оны бірнеше адам қарсы алып, әлгі көлікпен алып кетті. Сол секілді арнайы қабылдау орыны жанында бұрыннан тұрған екі джип көлігі Мақсат Үсенов отырған машинаның артынан ілесе жөнелді. Мақсат Үсенов өзін қаумалаған журналистерге тіл қатпады. Еске сала кетелік, 2013 жылдың 1 желтоқсанында жоғары шендінің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен. Зардап шеккендердің біреуі тіл тартпай кетті. Бұл оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, алайда ол соңына дейін жетпей жатып тараптардың келісіміне байланысты жабылып қалды. Қоғамды бұл жайт бей-жай қалдыра алмады, дау-дамай барысында оны әкесі "Астана ЭКСПО-2017" құрылыс компаниясының департамент басшылығы қызметінен өз еркімен кетті. 2014 жылдың 4 ақпанында соттың шешімі бойынша Мақсат Үсенов 45 тәулікке қамауға алынған болатын. Сондай-ақ оны жүргізуші куәлігінен екі жылға айырған. Кейіннен бұл мерзімге тағы екі жыл қосылды. Бұған дейін алматылық блогерлер Үсенов алты орындық камерада жалғыз отырғанын, оған туған-туыстары жиі келіп тұратындығын жазған. Бірақ полициядағылар Мақсат Үсеновке ешқандай артықшылық берілмегенін айтып, бұл мәліметті жоққа шығарған. Ал блогерлер түсініктеме жазуға мәжбүр болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети