23 желтоқсан 2014 15:56

Мақсат Үсенов айыппұл төлеуге асығар емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мақсат Үсенов екінші мәрте жол ережесін бұзғаны үшін - ешбір құжатсыз, сақтандыру қағазынсыз, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік жүргізгені үшін салынған айыппұлды әлі күнге төлемеген. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсан күні Тengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Мамандардың айтуынша, айыппұл 15 қарашада, Мақсат Үсенов Алматы қаласында екінші рет жол-көлік оқиғасын жасаған кезде салынды. 


Мақсат Үсенов екінші мәрте жол ережесін бұзғаны үшін - ешбір құжатсыз, сақтандыру қағазынсыз, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік жүргізгені үшін салынған айыппұлды әлі күнге төлемеген. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсан күні Тengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Мамандардың айтуынша, айыппұл 15 қарашада, Мақсат Үсенов Алматы қаласында екінші рет жол-көлік оқиғасын жасаған кезде салынды. 

Жалғасы

Еске сала кетейік, ол кезде Мақсат Үсенов Mersedes көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып, рулін 38 жастағы әйел басқарған Toyota RAV-4 көлігімен соқтығысты. "Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел оған қарсы сотқа арызданған жоқ", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.    

Адвокат Жохар Өтебековтің айтуынша, айыппұл төлеудің мерзімі 25 желтоқсанда аяқталады. "Әкімшілік құқық кодексі бойынша айыппұл әкімшілік құқықбұзушылық ісі заңдық күшіне енгеннен кейін отыз күн ішінде төленуі тиіс. Ал үкім шағым беру мерзімі аяқталған соң ғана күшіне енеді. Шағымдану мерзімі үкімнің көшірмелері қолға берілгеннен кейін 10 күн өткенде аяқталады. Үсеновке айыппұл салу туралы үкім 2014 жылы 15 қарашада шықты. Егер үкімнің көшірмесі Үсеновке сол күні беріліп, ол шағымданбаса, үкім заңдық күшіне 26 қарашада енді. Сол күннен бастап айыппұл төлеу мерзімі есептеледі. Мерзім 30 күннен кейін, яғни 25 желтоқсанда аяқталады", - деді адвокат. 

Айта кетейік, Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел оған қарсы сотқа арызданбаған. Ал Мақсат Үсенов жол-көлік оқиғасын қайталап, медициналық айғақтаудан бас тартқаны үшін 20 күн қамауда отырып жазасын өтеді және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамағаны үшін көлік жүргізу құқынан тоғыз айға айырылды. "Мақсат Үсеновке қатысты бұған дейін шығарылған сот үкімдеріне сәйкес, ол көлік жүргізу құқығынан 3 жыл 9 айға айырылды (яғни 2018 жылға дейін)", - деп Жоғарғы сот хабарлаған болатын. Айта кетейік, Мақсат Үсенов жол-көлік оқиғасынан кейін, куәгерлердің айтуынша, жолаушы орнына ауысып, сол күні болған сотта көлікті басқарған басқа адам болатын, деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 автокөлігімен алты адамды қағып кетті. Олардың біреуі қайтыс болды. Айыптыға қаза болған адамның отбасы кешірім берді. Айта кетейік, зардап шеккендердің де шығыны төленді және олар шағымданудан бас тартты. Бірақ ол зардап шеккендердің денсаулығына жеңіл және орташа зиян келтіргені үшін үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети